Жаңалықтар

4 қыркүйек 2012
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

 

Сенат Төрағасы Мемлекет басшысын ағымдағы заң шығарушылық жұмысынан хабардар етті және Парламенттің бесінші шақырылымының екінші сессиясын ашу кезінде Президент жүктеген міндеттерді іске асыру жөнінде Палатаның жоспарлары туралы айтты.

Сонымен қатар Қ.Мәми Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру және мемлекеттік бағдарламаларды дер кезінде құқықтық қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.        


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар