Жаңалықтар

11 қыркүйек 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "ҚазМұнайГаздың" салынып жатқан кәсіпорындары дирекциясының» бас директоры Нұрлан Балғымбаевты қабылдады

 

Кездесу барысында Н.Балғымбаев Қазақстан Президентіне бұрын берілген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады және Павлодар мұнайхимия зауытын, Батыс Қазақстан облысындағы газ турбинасы стансасының құрылысын, Қарашығанақтағы газ өңдеу кәсіпорны мен Маңғыстау облысындағы кеме жасайтын зауытты қайта құрылымдау жөніндегі жобаларды іске асыру барысынан, сондай-ақ Каспий теңізіндегі «Исатай» және «Шағала» кен орындарына барлау жүргізу жөніндегі жұмыстардан хабардар етті.

Қазіргі уақытта барлық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме орындалды, мемлекеттік сараптама жүргізілді және қоғамдық тыңдау жасалды, қаржы көздері мен құрылыстың бас мердігерлері анықталды.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша жобаларды жоспарланған мерзімде одан әрі іске асыру жөнінде нақты тапсыра берді.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар