Жаңалықтар

5 тамыз 2012
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильинге жеделхат жолдап, Лондондағы Олимпиялық ойындарда алтын медаль жеңіп алуымен құттықтады

 

- Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиялық ойындардың ауыр атлетика сынындағы тамаша жеңісіңмен құттықтаймын.

Әлем рекордын жаңартып және Олимпиаданың екінші алтынын жеңіп алып, сен сөзіңде тұратыныңды және әрқашан ең жоғары спорттық нәтижеге ұмтылатыныңды дәлелдедің. Жарыс алаңында сен қарсыластарыңа – әлемнің мықты ауыр атлеттеріне еш мүмкіндік қалдырмадың. Жарайсың!

Бұл зор табыс отандық спорт жылнамасына мәңгілікке енеді.

Саған жаңа жарқын жеңістер тілеймін, - делінген құттықтау жеделхатында.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар