National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті ақын Кәкімбек Салықовтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2013 жылғы 27 қараша

 

Мемлекет басшысы жеделхатта Кәкімбек Салықовтың бүкіл білімі мен тәжірибесін, қажыр-қайратын туған елі мен халқының игілігіне арнап, жемісті еңбек еткен белгілі тұлға екенін атап өткен.

«Еңбек жолын инженер-металлург болып бастап, өзінің кемел білімі мен зор ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында республикамызда, Мәскеуде және Өзбекстанның Қарақалпақ облысында жоғары мемлекеттік қызметтер атқарды. Ол ғибраты мол өмірінде мемлекеттік қызмет пен табиғат берген ақындық дарынын қатар алып жүрді. Оның нәзік те сыршыл ақындық жүрегінен халқы сүйіп оқитын талай-талай жыр кітаптары мен ән арқауына айналған өлең жолдары туды. Осындай қасиеттерімен халқымыздың зор құрметі мен қошеметіне ие болды. Ол КСРО Жоғарғы Кеңесінің және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Оның еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді», – делінген жеделхатта.  

Нұрсұлтан Назарбаев Кәкімбек Салықовтың есімі ұмытылмайтынын, ал халқымыз оның шығармаларынан әрдайым рухани нәр алатынын атап өткен.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің