Жаңалықтар

26 тамыз 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мақтай Сағдиевтің дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Президенттің жеделхатында Мақтай Рамазанұлы ұзақ та ғибратты ғұмыр кешкені айтылған. Ол әртүрлі жоғары лауазымды қызметтерді зор абыроймен атқарып, өзінің бар білімі мен ұйымдастырушылық дарынын туған елінің игілігіне жұмсады.

- Қай қызметте де өзін қарапайым, жан-жүрегі адал әрі істің көзін білетін беделді тұлға ретінде танытып, халқымыздың шынайы құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленді.

Ол кісінің еңбегі мен жарқын дидарын халқымыз ұмытпайды, - делінген жеделхатта. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар