Жаңалықтар

13 тамыз 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Әзербайжан провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан адам қазасына әкеліп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты Иран Ислам Республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежадқа көңіл айту жеделхатын жолдады

- Шығыс Әзербайжан провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамдар құрбан болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. 

Табиғат апатынан қаза тапқан жандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Иран халқына Қазақстан халқының атынан және өз тарапымнан көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақ екендігімізді білдіреміз, - делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар