Жаңалықтар

9 тамыз 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Ақ жол» ҚДП төрағасы А.Перуашевтен хат келіп түсті

 

А.Перуашев «Ақ жол» Демократиялық партиясы атынан Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын Лондонда өтіп жатқан ХХХ Олимпиялық ойындардағы ұлттық құраманың теңдессіз табысымен құттықтады.

Өз хатында «Ақ жол» партиясының төрағасы қазақстандық команданың әлемдік ойындардағы көшбасшылардың бірі екенін баса көрсетеді.

«Осы Олимпиада барысында Қазақстан қол жеткізген алтын медальдардың санымен өзіндік рекордын орнатты және әлемдік олимпиада қозғалысының бетке ұстар таңдаулылар сапына еркін енді! Александр Винокуровтың, Зүлфия Чиншанлоның, Майя Манезаның, Светлана Подобедованың, Илья Ильин мен Ольга Рыпакованың оңайлықпен келмеген әрі біз үшін аса қымбат жеңістері қарапайым адамдардың жүрегіне өз еліне деген мақтаныш сезімін ұялатты», - делінген хатта.

Елбасының елдің серпінді дамуындағы ролін көрсете отырып, «Ақ жол» партиясының төрағасы: «Бұл жеңістер Сіздің тәуелсіздік жылдары бойына қуатты, қазіргі заманғы, алдына мақсат қойғыш және бәсекеге қабілетті ұлт, озық әрі білімді мемлекет қалыптастыру бойынша жүргізген саясатыңыздың арқасы. Сіз – Қазақстанның күнделікті өміріндегі нағыз олимпиада рухын қуаттандырушы тұлғасыз», - деп жазады.

Хат соңында А.Перуашев Лондон Олимпиадасында елді Қазақстан халқының даңқы мен шексіз қуанышын арттыра беретін жаңа медальдар күтіп тұрғанына сенім білдіреді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар