Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

3 қыркүйек 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылының тұрғындары атынан хат келді

 

Хат иелері Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың көңіліне зор сенім ұялатқанын атап өтеді.

«Сіздің ұстанып отырған салиқалы саясаттың бірі – білім алу, еңбек ету екенін ұғынып отырмыз. Білімді және еңбекқор адамның жауапкершілігі арта түсетіні, патриоттық сүйіспеншілігі оянатыны шүбәсіз. Сіз айтқан бастамаларды қолдай отырып, ұлттық рух, отаншылдық, елжандылық қасиеттерді санамызға сіңіру аса қажет екенін түсіндік» деп жазады авторлар.

Хат иелері жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызды екеніне тоқталады. Әр ауылдың өзекті мәселелерін заңға сүйене отырып шешу, ұйымдастыру жұмыстарын өз деңгейінде жүргізу қажеттілігіне де қосылады.  Сондай-ақ ауыл, ел мәртебесін көтеріп, оның дамуына атсалысуға әр азамат дайын екенін мақтаныш сезіммен жеткізеді.

«Елімізде тек еңбекпен ғана өркендеуге, жетістіктерге жетуге болатынын біз терең түсінеміз. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өз үлесімізді қосқымыз келеді» деп түйіндейді хат иелері.   


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар