National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары

2015 жылғы 20 қазан

 

Мемлекеттік хатшының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облыстық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңес жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі – А.Башмаков, сонымен қатар этно-мәдени бірлестіктер мен жұртшылық өкілдері қатысты.

Г.Әбдіқалықова өз сөзінде Солтүстік Қазақстан облысының Ассамблеясы елімізде Ассамблея жылы, Ұлт жоспары, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы, «Ұлы Дала Елі» елдік брендін ілгерілету аясындағы міндеттерді жүзеге асыру жөнінен лайықты орын алатынын атап өтті.

Кеңестің кеңейтілген отырысына қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Бес институционалдық реформаны, этносаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты, қазақстандық біртектілік пен бірлікті күшейту және дамыту жөніндегі кешенді жұмысты іске асыру, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін талқылады. «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игі іс» акциясы барысында облыста 260-тан астам іс-шаралар жүргізілді, 9 мыңға жуық адам 28 миллион теңгеден астам сома мөлшерінде көмек алды.

Мемлекеттік хатшы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Серпін – 2050» бағдарламасына қатысушылармен кездесті. Кездесу барысында Г.Әбдіқалықоваға бағдарламаны іске асыру барысы туралы мағлұмат ұсынылып, студенттердің бейімделуі мен шығармашылық әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды. «Серпін – 2050» бағдарламасы аясында облыста 600-ден астам студент, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарынан келген жастар білім алады.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шара аясында Мемлекеттік хатшының назарына мұражай қоры және ұлы Абылай ханның өмірі туралы экспозициялық көрме ұсынылды. 

Жұмыс сапары аясында Г.Әбдіқалықова «Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолының учаскесін қайта жөндеу және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан 320 орындық балабақша құрылысының барысымен танысты. Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ мұз айдыны және жеңіл атлетикалық манежі бар спорт сарайының салтанатты ашылуына қатысты.

Сапар соңында Гүлшара Әбдіқалықова қатарын мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, бизнес қауымдастық пен ҮЕҰ өкілдері құрайтын әйелдер қауымымен кездесті. Кездесуде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру ісіне әйелдердің қатысу белсенділігін арттыру, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, рухани-отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру мәселелері қаралды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Г.Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің