National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қазақ халқының аса көрнекті қоғам және саясат қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

2016 жылғы 15 сәуір

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен конференция жұмысына Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Н.Оразалин, сондай-ақ ғылым, білім және мәдениет саласы мен жұртшылық өкілдері қатысты.

 Г.Әбдіқалықова құттықтау сөзінде белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, журналист, этнограф Әлихан Бөкейхановтың жарқын да сан қырлы ғұмырын қазақ халқының азаттығы мен дамуы жолына арнағанын атап өтті. Ол қазақтың «Алаш» ұлттық-азаттық қозғалысын басқарып, ұлттық мемлекеттігімізді қайта дамыту идеясының қажеттігін негіздеді, оған жетудің жолдары мен әдістерін айқындады. Әлихан Бөкейханов тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруды басты мақсат еткен «Алаш» қозғалысының негізін қалаушысы және көшбасшысы болды.

Конференция барысында «Алаш» қозғалысы туралы деректі фильм көрсетілді. Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітап көрмесі өткізіліп, Мұхамеджан Сералин шығарған «Айқап» журналының  дәстүр жалғасы ретіндегі жаңа нөмірінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Алматыға жұмыс сапары аясында Ұлттық кітапханаға барды.

Г.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кең ауқымды иллюстрациялық кітап көрмесімен, кітапхана ісі саласына енгізілген инновациялық әдістермен, мекеменің бұдан арғы даму перспективаларымен танысты.

Мемлекеттік хатшы оқу залдарын аралап, Түркия, Иран, Пәкістан, Үндістан, Ресей елдеріне арналған шетелдік кітап мүйістерімен танысты. Сондай-ақ 6,6 миллионнан астам басылымды қамтитын негізгі қор сақталған кітап сақтау бөліміне ерекше назар аударды.

Мемлекеттік хатшы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің