National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті Монако Князі ІІ Альбермен бірге Монако Княздігінің ұлттық павильонын аралап көрді

2017 жылғы 25 маусым

Нұрсұлтан Назарбаевқа Монаконың ұлттық павильонында  энергетикалық тұрғыда «жасыл экономикаға» өтудің проблемаларына арналған экспозициялар және Княздікте қолданылатын үздік тәжірибелер көрсетілді.

Мемлекет басшысы «Болашақтың бейнесі» атты инсталляциямен, Монаконың аумағын кеңейту жөніндегі жобаның макетімен, «Жасыл зертхана» секциясымен және күн энергиясымен жүретін велосипед сияқты басқа да экспозициялармен танысты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Монако Княздігі ұлттық павильонының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, ІІ Альберге Қазақстанның «Нұр Әлем» ұлттық павильонын көрсетті. Онда екі елдің көшбасшылары уранды жерасты ұңғымалы тазарту әдісін, «Токамак» термоядролық реакторының интерактивті макетін және Қазақстанның мәдениеті мен тарихына арналған басқа да экспозицияларды көрді.

***

Монако Княздігі ұлттық павильонының тақырыбы – «Болашақтың бейнесі». Онда 2025 жылға қарай теңіздің 6 гектарында құрылыс жүргізу арқылы Княздік аумағын кеңейту жөніндегі шешімдерге арналған экспозициялар, экологиялық орнықтылық пен экологиялық мобильділік саласындағы жобалар қойылған. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің