National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы «Ақтөбе жылыжай» ЖШС жылыжай кешеніне барды

2016 жылғы 09 наурыз

 

Елбасы кешенді аралап, көкөніс өсіру технологиясымен танысты. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа ауыл шаруашылығын дамытудың өңірдегі негізгі бағыттары, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шаралар туралы баяндалды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми тәсілдерді қолданудың маңыздылығына айрықша назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы саласының өнімділігін арттыру қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы планета халқының көбейіп келе жатқанына байланысты аграрлық сала өнімдеріне ұдайы сұраныс болатынына тоқталды. Сондықтан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді Қазақстан Президенті мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға, өндіріске жаңа технологиялар енгізуге және озық халықаралық тәжірибелерді игеруге шақырды.  

Жабық жерде көкөніс өндіретін жылыжай кешені жалпы ауданы 3 гектар аумақта орналасқан. Жобалық қуаты жылына 1500 тонна көкөніс өндіруге лайықталған. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің