National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы Достық үйінде болды

2014 жылғы 03 қыркүйек

 

Мемлекет басшысы биылғы тамызда ашылған Достық үйінің негізгі ерекшеліктерімен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев облыстың этномәдени бірлестіктері төрағаларымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті. Мемлекет басшысы елімізде толеранттылық мәдениетін дамытуға назар аудара отырып, ҚХА-ның этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты нығайту ісіндегі елеулі рөлін атап өтті.  

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті жас ұрпақ өкілдерінің өңірлердегі осындай Достық үйлеріне келіп тұруы маңызды екенін, мұнда олар бірлік пен татулықтың қазақстандық үлгісімен көрнекі түрде танысып, қоғамымыз үшін мәні зор осы құндылықтарды сіңіру мүмкіндігіне ие болатынын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан бірліктің арқасында ел ішінде және халықаралық аренада елеулі жетістіктерге жеткенін айрықша атап өтті.

Достық үйінде көрме-холл, хореография және мәжіліс залдары, өңірдің этномәдени бірлестіктерінің кабинеттері, ана тілін үйрету бөлмелері орналасқан. Ғимараттың жалпы алаңы 4 мың шаршы метрден асады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің