Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 қыркүйек 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық оқушыларын Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
big-01.jpg

Президент Астана қаласындағы №60 лицейдің ашылуына қатысты. Мемлекет басшысы лицей оқушыларына білім беруде қолданылатын жаңа технологиялармен және әдістермен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев барша жас қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтап, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына және ұстаздарына жетістіктер мен игіліктер тіледі.


- Бұл білім ордасы – Астанадағы үздік мектептердің бірі. Бұл мектеп озық заманауи технологияларды пайдалана отырып, интеллектуалды жастарды тәрбиелеп шығаруға тиіс. Бүгінде біздің балаларымыздың болашақтағы өмірлеріне қажетті терең білім алуы үшін барлық жағдай жасалып отыр. Біздің елде жүргізіп отырған саясатымыз да осыған бағытталған, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.


Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ мектептің оқу бөлмелерін аралап көрді және лицейді бітіруші сыныптың алғашқы сабағына қатысты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар