Жаңалықтар

24 қазан 2012
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Австрия мен Чехия Республикаларына ресми сапарларының қорытындысы бойынша қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына арнап брифинг өткізді

Мемлекет басшысы Астрия мен Чехияға сапарлары барысында қол жеткізілген нәтижелер осы елдермен экономикалық өзара қарым-қатынастарға серпін беретінін атап өтті.

 

Мемлекет басшысы Астрия мен Чехияға сапарлары барысында қол жеткізілген нәтижелер осы елдермен экономикалық өзара қарым-қатынастарға серпін беретінін атап өтті.

- Бүгінде Еуропада күрделі үдерістер жүруде. Дегенмен әлемдік дағдарыстың жағымсыз салдарларына қарамастан, Австрия мен Чехия экономикалық тұрақтылық пен орнықтылықты сақтап отыр. Қазақстан үшін еуропалық елдермен ынтымақтастықты дамыту маңызды әрі қажет екені анық. Қазақстанның Еуропалық одақ елдерімен тауар айналымы 50 миллиард долларды құрайды. Біздің елдеріміздің экономикасы бірін-бірі толықтырады және үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында біз аграрлық сектор мен өңдеуші өнеркәсіптегі жоғары технологияға мүдделіміз. Сонымен бірге, инвестиция тарту мен шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде тәжірибе алмасу өте маңызды, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің басшыларымен кездесулер барысында маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылғанына тоқталды. Сондай-ақ бизнес форумдар өткізіліп, онда еуропалық бизнестің ірі өкілдері біздің елімізбен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдірген. Сонымен қатар, Қазақстан Австрия мен Чехияның қолдауымен өзге еуропалық мемлекеттермен серіктестікті кеңейтуге мүдделі.

- Жаңа жұмыс орындарын ашуға және жоғары білікті мамандар даярлауға мүмкіндік беретін қазақстандық-австриялық және қазақстандық-чехиялық бірлескен кәсіпорындарды көптеп ашу қажет. Бұл Қазақстан мен еуропалық серіктестеріміз үшін өте тиімді, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Австрия мен Чехия басшылығы біздің еліміздің экономиканың әртүрлі салаларындағы жетістіктері мен еңбегін танығанын және Қазақстанмен ынтымақтастықтың маңызды екенін қуаттап отырғанын айтты.                     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар