Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

6 сәуір 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев CNPC компаниясының басшысы Чжоу Цзипинмен кездесу өткізді

Кездесуде мұнай-газ саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды. Нұрсұлтан Назарбаев осы саладағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына қанағаттанушылық білдірді.

Қазіргі уақытта мұнай-газ секторында жалпы құны 5 миллиард долларды құрайтын 10-ға жуық бірлескен жоба іске асырылып жатқаны атап өтілді. Жалпы құны 18 миллиард доллардан асатын бірлескен тағы да 4 ірі жоба энергия ресурстарын тасымалдау саласында жүзеге асырылуда. 

Қазақстан Президенті мен CNPC басшысы «мұнай-сервистік және өңдеу жобаларындағы инвестицияға айырбас ретінде шикізатқа мүмкіндік туғызу» қағидатына негізделген мұнай-газ саласындағы кешенді ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу мәселесін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің ұлттық мұнай-газ компаниялары Қазақстан-Қытай мұнай құбыры аясын кеңейту және пайдалану жөніндегі ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге қол қойды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар