Жаңалықтар

23 қазан 2012
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чехияға ресми сапары аясында Чехия Республикасының Президенті Вацлав Клауспен кездесті

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың 20 жылының қорытындысын жасады.

 

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың 20 жылының қорытындысын жасады. Сондай-ақ, олар экономикалық, инвестициялық, ғылыми-технологиялық және мәдени-гуманитарлық өзара ықпалдастық мәселелеріне назар аударды.

Сонымен қатар, президенттер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері мен көпжақты бастамалар жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Прага Градының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, Қазақстан-Чехия қарым-қатынастарының одан әрі нығая беретініне сенім білдірді және чех халқын ұлттық мерекемен – тәуелсіз Чехословакия Республикасының құрылған күнімен құттықтады.    

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар