Жаңалықтар

5 мамыр 2017
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, Мемлекеттер басшылары Астанада биылғы 3-4 мамырда өткен Сирияға қатысты халықаралық кезекті кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары