Жаңалықтар

24 қыркүйек 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федеральдық канцлері Ангела Меркельге Христиан демократиялық одағының парламенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта сайлау қорытындылары А.Меркельдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жөніндегі қызметі мен Германияның халықаралық рөлін нығайтуға бағытталған саясатына көпшіліктің көрсеткен қолдауының нақты дәлелі екені атап өтілген.

«Соңғы жылдары Қазақстан мен Германия арасындағы өзара қарым-қатынастар барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өткім келеді. Алдағы уақытта да біз елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жаңа стратегиялық деңгейге шығару үшін бірлескен күш-жігерімізді аямайтынымызға сенімдімін», – делінген құттықтау жеделхатында.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Федеральдық канцлерге зор денсаулық пен бақыт, ал достас Германия халқына мол игілік және бейбіт өмір тілеген.     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар