Жаңалықтар

15 шілде 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайдағы мемлекеттік ұлттық табиғи парк жанындағы визит- орталығында болды.

Визит-орталығында ұлттық парктің жануарлары мен өсімдіктері туралы барлық ақпарат жинақталған.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Шортанды ауданының және «Бурабай» курорттық аймағын дамытудың бас жоспарымен танысты.
Президент Ақмола облысының әкіміне Шортанды-Бурабай курорттық аймағын дамытудың негізгі бағыттары бойынша, атап айтқанда, экологиялық нормаларды сақтау және курорттық аймаққа демалыстық жүктемені ұлғайтуға жол бермеу, оны халықаралық деңгейдегі курортқа айналдыруға бағытталған қала құрылысы шешімін қабылдау, экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін жауапкершілікті қатайту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар