National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжановтың және Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Виктор Махмудовтың тең төрағалығымен өткен келіссөздер барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Сондай-ақ, басқосуға орталық мемлекеттік органдардың басшылары да қатысты.

Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың және халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимылдың қазіргі ахуалы мен даму перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар, терроризм мен діни экстремизмге қарсы тұру, ақпараттық және кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы, сондай-ақ сотталған азаматтарды жазасын өз мемлекеттерінде өтеу үшін беру мәселесі жөніндегі өзара ықпалдастық аспектілері күн тәртібіне қойылды.  

Кездесу барысында тараптар Су қатынастары саласына қатысты ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жол картасы тармақтарының орындалуының алдын ала нәтижелерін қарады.

Жұмыс қорытындысы бойынша екі елдің тиісті мемлекеттік органдарына нақты тапсырмалар берілді.

Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасындағы консультациялар Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының тапсырмаларына сәйкес тұрақты өткізіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару