National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақановтың төрағалығымен Маңғыстау облысында кеңес өтті

Отырысқа министрліктердің, арнаулы және құқық қорғау, сондай-ақ атқарушы мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Іс-шара барысында Маңғыстау облысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Президенті тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Атап айтқанда, қоғамдық қауіпсіздік, дін саласындағы проблемалар, сондай-ақ террористік қауіп пен төтенше жағдайларға қарсы тұруға дайындық деңгейі талқыланды.

Ахуалға кешенді зерттеу жүргізу үшін өңірге ведомствоаралық жұмыс тобы жіберілді, оған Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және басқа да уәкілетті органдардың жауапты қызметкерлері енген.

В.Жұмақанов жауапты мемлекеттік органдарға Маңғыстау облысындағы тәжірибенің негізінде жасалған қорытындылар мен ұсыныстарды ескеріп, жан-жақты талдау жасау және жалпы елдегі ұлттық қауіпсіздікке төніп тұрған қауіп-қатер деңгейін төмендету бағытында тиісті жұмыстарды ұйымдастыру қажет екенін айтты.

Жұмыс қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару