National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Қасым-Жомарт Тоқаев Heriot-Watt университетінің Ақтөбе қаласындағы филиалын аралап көрді

2023 жылғы 06 желтоқсан

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президент жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. Білім ордасында еліміздің 9 өңірінен келген 300 студент оқып жатыр. Олардың 35 пайызы ауыл мектептерінің түлегі, ал 42 пайызы әлеуметтік жағдайы төмен санаттағы отбасылардың балалары.

Бұл филиал Мемлекет басшысының жоғары білім беру жүйесін қайта құру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ашылған.

Президентке берілген мәліметке сәйкес электр энергетикасы, мұнай инженериясы және энергетикалық менеджмент, компьютерлік инженерия мамандықтары бойынша кадр даярлау ісі ағылшын тілінде жүргізіледі.

Мемлекет басшысына студенттердің Heriot-Watt университетінің Малайзиядағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, Шотландиядағы филиалдарында білімін жалғастыру мүмкіндігі бар екені жөнінде мәлімет берілді. Филиал түлектері Heriot-Watt University мен Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің дипломдарын бірге алады.

Ғылыми жетістіктерге арналған көрмені аралау барысында Президентке жоғары оқу орны ғалымдарының жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы әзірлемелері таныстырылды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 27 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

2024 жылғы 02 наурыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2024 жылғы 13 ақпан

Д.М. Малахов туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің