National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті

2022 жылғы 21 қараша

Ибрахим Раиси Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс өткен Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Иран Президентінің құттықтауы мен ізгі тілектеріне ризашылығын білдіріп, Иран Ислам Республикасы Қазақстанның жақын серіктесі екенін атап өтті.  

Тараптар бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Иран арасындағы тығыз ынтымақтастықтың айқын көрінісі екеніне назар аударды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің