National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыста Еуропа Кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының (ГРЕКО) ұсынымдары талқыланды. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл қабылдау мақсатында ГРЕКО ұйымымен өзара қарым-қатынас орнатуға баса назар аударылды.

Мемлекеттік кеңесші шетелдік сарапшылардың ұсынымдарын пысықтау және іске асырудың нақты тетіктерін әзірлеу жөніндегі жұмысты жандандыру қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, отырыста Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында мемлекеттік органдар атқарып жатқан жұмыстардың жай-жапсары талқыланды.

Жиында аталған Кешенді жоспарды өз деңгейінде іске асыру, оның орындалуына нақты мониторинг жүргізу және көлеңкелі экономиканы азайту үшін қабылданатын шараларға түзетулер енгізу жайында айтылды.

Комиссия отырысындағы талқылаулардан кейін жиында қарастырылған мәселелер бойынша нақты ұсынымдар әзірленді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 05 желтоқсан

Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

2023 жылғы 08 желтоқсан

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 08 желтоқсан

Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы