Бөлімдер санаты
Нормативтiк құқықтық актiлер
Оқиғалар күнтізбесі
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 
 
123
4
5
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
 
 
Барлық жаңалықтар

Нормативтiк құқықтық актiлер

Жарлықтар
16 наурыз 2020
Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы  Президентiнің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286  Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша:

1) салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін салық мөлшерлемелерін белгілесін, салық базасын, салық салу объектілерін, салықтық кезеңді айқындау және салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілердің жекелеген санаттарын;

3) мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібін;

4) мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындасын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, шекті тарифтерді және Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға бағаларды белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды әкелу мен әкету тәртібін айқындау құқығы берілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                                    Қ.Тоқаев

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 16 наурыз

                       № 287

 

 

 


Барлық нормативтік құқықтық актілер
 
Другие указы
Все указы