National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Жиында Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығының қорытындысы және мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалар бойынша ұсыныстары туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың баяндамасы тыңдалды.

Министр жыл басынан бері елімізде Мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге бағытталған бес мыңнан аса әртүрлі форматтағы іс-шара өткізілгенін айтты.

Отырыста Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бағытындағы жұмыстарының жай-күйі жайында Агенттік төрағасы Олжас Бектенов ақпарат берді.

Сонымен қатар Алматы, Павлодар және Түркістан облыстары әкімдіктері өз өңірлеріндегі Мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау шеңберіндегі жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Бұдан бөлек жиында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Жоғары Сот Кеңесі және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ұсынған ведомстволық наградалар талқыланды.

Талқылау барысында жекелеген ұсыныстарға байланысты комиссия тарапынан ескертпелер айтылып, қосымша пысықтау жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Отырыс соңында Мемлекеттік кеңесші уәкілетті органдарға ведомстволық наградаларды оңтайландыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару