Жаңалықтар

11 қыркүйек 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

 

Кездесу барысында өңірдің дамуының өзекті мәселелері талқыланды. Олардың қатарында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру барысы және облысты әлеуметтік жаңғырту келешегі сөз болды.

Б.Ізмұхамбетов Қазақстан Президентіне өңірге жасаған сапарының қорытындылары және әр аудан мен облыс орталығы бойынша өзекті проблемаларды шешу жөнінде тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы баяндады.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық одан әрі даму, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалану жөнінде нақты тапсырма берді.      


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар