Жаңалықтар

14 қыркүйек 2012
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына техникалық және кәсіптік білім жастары көшбасшыларынан хат келіп түсті

«Кәсіп.kz» техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының республикалық жастар қауымдастығы» қоғамдастық бірлестігі өкілдері өз хатында Назарбаев Университетіндегі «Қазақстан білімді қоғам жолында» интерактивті дәрісі оларға ұмытылмас әсер қалдырғанын айтады.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, жас ұрпаққа өсиет сөздеріңіз біздерді, жастар қауымдастығы мүшелерін, білімге, еңбекке және табандылыққа талпынуға шақырады. Біз, техникалық және кәсіптік білім (ТКБ) жүйесінің студенттері және жас оқытушылары, өз біліміміз – өз еңбегіміздің нәтижесі екенін өте жақсы түсінеміз. Неғұрлым көп еңбектенсек, білім алуға талпынсақ, соғұрлым көп білеміз. Білімді біз мемлекеттің экономикалық ресурсы, іс жүргізу факторы ретінде қарастырамыз» деп жазады хат авторлары.

ТКБ жастары өздері үшін әлеуметтік алға жылжудың маңызды шарттары – өз білім деңгейін арттыру, қоғамда өзін-өзі таныта білу қажеттілігі,  жаңа білім, машық және кәсіптер меңгеру деп есептейді.

Авторлар хат соңында Қазақстан Президентіне жастар саясатын қолдағаны үшін алғыс айтады және еңбек және білім қоғамын құру туралы Мемлекет басшысының барлық идеясы өмірден көрініс табатынына сенім білдіреді.

«Сіз еңбек жолыңызды металлург кәсібімен бастадыңыз. Сіздің өмірбаяныңыз Қазақстанның барлық жастары үшін үлгі. Біз Қазақстанның әлемдік қоғамдастықта табысты және тұрақты дамуын жалғастырамыз және өзімізге жүктелген сенімді ақтаймыз» делінген хатта.

««Кәсіп.kz» техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының республикалық жастар қоғамдастық бірлестігі еліміздегі колледждердің 800-ден астам студенттерін біріктіреді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар