Жаңалықтар

31 шілде 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық спортшы Майя Манезаға Лондондағы ХХХ Олимпиялық ойындарда алтын медаль жеңіп алуымен және олимпиада рекордын жасауымен құттықтап, жеделхат жолдады

 

– Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиялық ойындардың ауыр атлетика сынындағы тамаша және өте айқын жеңісіңмен құттықтаймын.

Алтын медаль жеңіп алып, сен өзіңнің әлемнің үздік спортшыларының бірі екеніңді баршаға тағы бір рет дәлелдедің.

Өз шеберлігіңнің, мақсаткерлігіңнің және жеңіске деген жігеріңнің арқасында сен қарсыластарыңның үлкен құрметін, миллиондаған жанкүйердің тәнті көңілі мен қолдауын шынайы иелендің.

Қазақстандықтарды бұдан әрі де өзіңнің спорттағы жарқын жеңістеріңмен қуанта беруіңе тілектеспін, - делінген құттықтау жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар