National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапары аясында «Сары-Арқа Автопром» ЖШС сериялы автомобильдер шығаруды ұйымдастыратын кәсіпорында болды

2012 жылғы 15 тамыз

 

Нұрсұлтан Назарбаев өндіріске жаңа технологияны енгізу және үнемі оны іздестіру, сондай-ақ кәсіпорында өндірістік процестерді одан әрі автоматтандыру қажеттігін атап көрсетті.

- Бұл еліміздегі автомобиль құрастыратын алғашқы кәсіпорынның бірінен саналады. Бүгін бізде бұрын болмаған сала құрылуда. Енді сапаны жақсартып, өзіндік құнын және өндірілетін өнімнің бағасын төмендету қажет, - деп атап өтті Қазақстан Президенті. 

Жобаның мақсаты заманауи автомобиль құрастыратын өндірісті құру, қазақстандық нарықтың заманауи автомобиль техникасына деген сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Бұл міндет құрастырмалы автомобиль өндірісін құру және 2017 жылға қарай компоненттік базаны 30 пайызға дейін жеткізу есебінен шешімін табатын болады.    

Жобаның жалпы құны 2 миллиард 568 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына - 1500 автомобиль құрастыру, жаңадан 60 жұмыс орны ашылған.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 07 маусым

Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Sun Seven Stars Investment Group компаниясының тең төрағасы және Бас директоры У Чжэнді қабылдады

2023 жылғы 09 маусым

Мемлекет басшысы Sun Seven Stars Investment Group компаниясының тең төрағасы және Бас директоры У Чжэнді қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 08 маусым

Т.Б. Дүйсенова туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің