Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 маусым 2019
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Арыс қаласындағы жарылыстардан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алғандарға қолдау білдірді.   

Көрші мемлекеттің басшысы кісі өлімі мен ауқымды зардаптар әкелген төтенше жағдайға Қырғызстан шынайы жанашырлықпен қарайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке және бауырлас қырғыз халқына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары