National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Қарағайлы саябағына барды

2021 жылғы 19 қараша

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы жаңадан ашылған Қарағайлы саябағын аралап көрді. 

​Президентке Алматы қаласын көркейтуге бағытталған алдағы жұмыс жоспары мен көгалдандыру ісінің ауқымы туралы есеп берілді. Мемлекет басшысына «Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында қала бойынша 3 жылда 1 миллион түп көшет отырғызу жоспарланғаны жөнінде баяндалды. Биыл 350 мың көшет егу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта саябақтың аумағын  63 гектарға дейін кеңейту көзделіп отыр.

​Қасым-Жомарт Тоқаевқа Іле Алатауы табиғи паркі мен Алматы қорығы аумағында саяхатшылар мен альпинистердің қауіпсіздігі мен жайлы демалысы үшін салынған шағын үйлер көрсетілді. Олар жылыту пештерімен және төтенше жағдайда қажетті құтқару құралдарымен жабдықталған. 

​Мемлекет басшысы саябаққа тал егіп, қала тұрғындары мен қонақтардың жайлы демалуына, қауіпсіздігіне және қоршаған ортаның тазалағына баса мән берілген жұмыстардың жалғаса беретініне сенім білдірді. 

– Мен Қазақстан бойынша 2 миллиард түп көшет отырғызу бастамасын ұсындым. Өйткені біз, шын мәнінде, көгалдандыруға зәруміз. Алматы бұрын жасыл қала еді. Өкінішке қарай, қазіргі кезде бұл мәртебесін жоғалтып алды. Айырылып қалған мәртебемізді қайтаруымыз керек. Ағаш егу – биік мәдениеттіліктің белгісі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 07 желтоқсан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

2021 жылғы 08 желтоқсан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

Жарлық

2021 жылғы 24 қараша

Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің